Байқаудың аралық қорытындысы шілде-тамыз айларында 16 салалық номинация бойынша өткізілген болатын.
Алматы қалалық әкімшілігінің шағын және орта бизнес департаментінің директоры Серік Тұржановтың айтуынша, екі айға созылған байқауға қаладағы 500-дей кәсіпкер қатысты. Шағын және орта бизнес өкілі болып табылатын 50 кәсіпкер мен Алматыдағы қоғамдық ұйымдардың жетекшілері «Отан» партиясының құрмет грамоталары мен департаменттің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
С.Тұржановтың айтуынша, қала бюджетінде шағын және орта бизнестің иемденетін үлес салмағы 65 процентті құрайды, ал республика бойынша тұтастай алғанда бұл сала мемлекеттік жалпы кірістің 12 процентін қамтамасыз етуде.
Департамент директорының айтуынша, кәсіпкерлердің стратегиялық мақсаты — республиканың жалпы кірісі ауқымында иемденетін үлес деңгейін 70 процентке жеткізу болып табылады.