Алматыда шайбалы хоккейден сынақтық жарыс өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда шайбалы хоккейден сынақтық жарыс өтеді

Алматыда шайбалы хоккейден сынақтық жарыс өтеді

Алматыда 4-6 желтоқсанда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шайбалы хоккейден сынақтық жарыс өтеді. Ол 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына әзірлік аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл байрақты бәсекеге жоғары лигадан 2 ерлер командасы және жасөспірімдер лигасынан 3 әйелдер командасы қатыспақ.

  • 1 Желтоқсан 2010
  • 597
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін мұндай сынақтық жарыстар «Медеу» мұз айдыны мен Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде өткен болатын. Атап айтқанда, «Медеу» мұз айдынында допты хоккейден, ал Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде Құрлықаралық кубок жарыстары ұйымдастырылды.

Жалпы 2011 жылы 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтетін VII қысқы Азия ойындары қарсаңында Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені, сондай-ақ Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ Алматыда биіктігі 90 және 120 метрлік шаңғымен тұғырдан секіретін кешен, Алматы облысының аумағында биатлон мен шаңғы стадиондары салынды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера