Желтоқсанның 4-і күні басталған сайысқа Алматы қаласынан «Алматы», Рудныйдан «Горняк» сынды екі ерлер командасы өнер көрсетіп жатса, әйелдер командасынан «Айбарша-Барыс» — Астана, «Алатау» — Алматы облысы, «Жұлдыз» Алматы қаласы командалары сынға түсуде.
Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында толық жөндеу және ғимараттың сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары жүргізілген болатын. Трибунадағы отыратын орындар 5 мыңға дейін кеңейтіліп, концерттік бағдарламалар өткізуге арналған партер жасалған. Сонымен қатар жаңа табло мен құрылғылар орнатылған.
Мамандардың айтуынша, мұз айдыны барлық әлемдік стандарттарға сәйкес және VII қысқы Ойындардың салтанатты жабылуын өткізуге дайын болып қана қоймай, әйелдер хоккейінен біздің спортшыларға жоғары нәтижелерге қол жеткізуге сеп болады.