Алматыда Шәкен Айманов фильмдерінің фестивалі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Шәкен Айманов фильмдерінің фестивалі ашылады

Алматыда Шәкен Айманов фильмдерінің фестивалі ашылады

12-17 қыркүйек аралығында Алматы қаласында жаңадан ашылған Kinoplexx Saryarka кинотеатрында Шәкен Айманов фильмдерінің фестивалі өтеді.

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 651
Фото - Caravan.kz

Аталған шара ЮНЕСКО-ның естелік даталары мен оқиғаларының ресми күнтізбесіне енгізілген Шәкен Аймановтың жүз жылдығы төңірегінде өткізілмек. Мерекелік шара сондай-ақ Алматы күнін атап өту бағдарламасына енгізілген, деп хабарлайды фестивальдің баспасөз қызметінен.

Бүгін қазақстандық кино күнінде фестивальдің салтанатты ашылуы өтеді, оған Алматы қаласының әкімдігі, Әуезов ауданының әкімі Б.Н.Торғаев, «Қазақфильм» АҚ президенті Е.Аманшаев және қазақстандық кино ардагерлері қатысады. Бағдарламада Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» атты қазақ ұлттық саз аспаптарының оркестрі мен Ш.Айманов кинофильмдеріндегі әндерді орындайтын қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді деп күтілуде.

Фестиваль бағдарламасы 1968 жылы Шәкен Айманов түсірген, халықтың сүйікті фильміне айналған «Тақиялы періште» атты ирониялық әуенді комедиясымен ашылады. Сыйлы қонақ — басты рөлді сомдаушы Әлімғазы Райымбеков.

Шара аясында жұрт назарына «Алдар көсе», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры», «Атамекен» фильмдері ұсынылады. Фестиваль Алматы қаласының Мәдениет басқармасы мен «Қазақфильм» АҚ қолдауымен өтеді.


Фильмдер 13-17 қыркүйек аралығында күн сайын күндіз сағат 10.30-да және кешкі сағат 18.00-де Kinoplexx Saryarka кинотеатрында тегін көрсетілетін болады. Мектеп оқушылары мен ЖОО студенттеріне, соғыс ардагерлері мен зейнеткерлерге жаппай көрсетілім қою жоспарлануда.

Перейти к новостям спорта