Алматыда шаңғы спорты бойынша Әлем чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда шаңғы спорты бойынша Әлем чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Алматыда шаңғы спорты бойынша Әлем чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде жасөспірімдер арасында шаңғы спортының түрлері мен 23 жасқа дейінгілер арасында шаңғы жарыстары бойынша Әлем чемпионаты өтуде.

  • 3 Ақпан 2015
  • 665
Фото - Caravan.kz

Бүгін жасөспірімдер арасында (17 жасқа дейін) спринтерлік шаңғы жарысының жеңімпаздары анықталды.

Қыздар арасында 1300 метрлік қашықтық бойынша өткен сайыста германиялық спортшы Виктория Карл бірінші орынды жеңіп алды. Оның көрсеткіші 03:29:01 минут, ал ресейлік Юлия Белорукова 03:30 минуттық көрсеткішпен екінші орынға көтерілді. Үшінші орында — тағы бір ресейлік шаңғышы Наталья Непряева, оның көрсеткіші — 03:31:19 минут.

Ал ұлдар арасында 1800 метрлік қашықтық бойынша өткен жарыста норвегиялық шаңғышы Русет Фредрик бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды ресейлік спортшы Александр Бакенов иеленді. Ал тағы бір норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клаево үшінші орынға көтерілді.

«Біріншіліктің ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. «Сұңқар» трамплиндер кешені маған ұнады. Жарыс жолының әрине, өзіндік ерекшеліктері бар. Көп күш жұмсауды талап етеді. Дегенмен, маған ыңғайлы болды», — дейді Виктория Карл.


Қазақстандық спортшылар әзірге жүлделі орындарға қол жеткізген жоқ. 

Бүгін түстен кейін сағат 15:30-да 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында шаңғы жарыстары бойынша Әлем біріншілігі басталады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера