Оны Халықаралық шаңғы федерациясы мен ҚР Шаңғымен тұғырдан секіру федерациясы бірігіп ұйымдастырып отыр.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының орынбасары Павел Новиковтың айтуынша, бұл дүбірлі додаға қатысуға қазірдің өзінде Австрия, Болгария, Жапония, Норвегия, Ресей, Польша, Франция, Чехия және Словения командалары өтініш берді. Бұдан бөлек АҚШ, Германия, Италия, Канада, Корея, Қытай, Словакия, Түркия, Швейцария, Финляндия, Эстония мемлекетінің командалары да келеді деп жоспарлануда. 7-қысқы Азия ойындары қарсаңында салынған Алматыдағы халықаралық тұғырдан секіру кешені құрылысының алғашқы кезеңі 2010 жылы пайдалануға берілген болатын. Қазір онда құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр.