Алматыда Саин көшесінің бойындағы тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шаштараз ішінде өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
"Өрт бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шаштараз салонының ішінде тұтанып, 20 шаршы метрге жерге жайылған. Өрт сөндірушілер арнайы баспалдақтар арқылы жоғары қабаттан 59 адамды , оның ішінде16 баланы құтқарды. Жалпы алғанда баспалдақтың көмегімен 81 адам төмен түсірілді", — деп атап өтті ТЖК-нің баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ өрт салдарынан 2003 жылғы қыз бала уланып, ауруханаға жеткізілді. Өрт 20 мамырда сағат 22.07-де ауыздықталды.
Оқи отырыңыз:
Ерке Есмахан: Маxаббат жасқа да, нәсілге де қарамайды
Қан қызыл түске боялған Алматы өзенінің суы жұртты шошытты
Америкадан екі астронавт әйел Байқоңырға келді