Алматыда шаһар полицейлері көлік дөңгелегін жөндейтін орындарға тексеріс жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда шаһар полицейлері көлік дөңгелегін жөндейтін орындарға тексеріс жүргізді

Алматыда шаһар полицейлері көлік дөңгелегін жөндейтін орындарға тексеріс жүргізді

Алматы полицейлері қала көркін бұзатын, көлік дөңгелегін жөндейтін орындарға тексеріс жүргізді.

  • 15 Шiлде 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Көлік қозғалысына кедергі жасап қана қоймай, жаяу жүргіншілер жолында тізіліп тұрған көлік дөңгелегін жөндеумен айналысатын жабайы шеберханалар қала көркін бұзып тұрғандығы баршамызға белгілі. Ал тіптен жол жиегіне орналасқан мұндай орындар жол-көлік қозғалысын қиындатуда. Ең өкініштісі, осы олқылықтар салдарынан жол-көлік оқиғалары жиі тіркелуде. Сондықтан да азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, қала әкімдігінің бастамасымен, Алматы қаласы ІІД қызметкерлері қала көркінің бұзылуына жол бермеу мақсатында біршама қатаң шараларды жүзеге асырды. Дәлірек айтқанда, қаламызды абаттандыру мен көріктендіруге сондай-ақ санитарлық нормалардың сақталуына бағытталған «Таза қала» акциясы аясында кешенді іс-шаралар жүргізудеміз. Тексеру барысында үлкен сауда орындары мен базарлардың, түрлі ойын-сауық ошақтарының маңында, сонымен қатар, халық көп шоғырланатын орындарда санитарлық нормалар бұзылғандығы анықталды», — деді Алматы қаласы ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Серік Кененбаев.

Тексеру барысында өткен тәулік ішінде Сәтбаев көшесі бойындағы 20 көлік дөңгелегін жөндеумен айналысатын шеберхана қожайындарына қала көркін бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған. Сонымен қатар, аталмыш шеберханалардың 5-еуінде көші-қон заңнамаларын белден басып, заңсыз Қазақстан аумағына келіп жұмыс істеп жүрген шет ел азаматтары анықталған.

«Дегенмен де, екінші рет қайта тексеру барысында кейбір шеберхана қожайындары шашылып жатқан қоқыстар мен көлік резеңкелерін жиыстырып, жіберілген олқылықтардың орнын толтырды. Ал қандай да бір рұқсат қағаздары жоқ, дәл жол жиегіне орналасқан аталмыш орындар арнайы кран көмегімен басқа жаққа ығыстырылып тасталды. Алдағы уақытта біз, мұндай орындардың жоғары деңгейде қызмет түрлерін көрсетуін талап ететін заңнамалық бастама көтеретін боламыз. Өйткені, мұндай шеберханалар Алматыдай алып шаһардың көркіне тікелей әсер етіп қана қоймай, қоғамдық тәртіпке де тигізер залалдары көп», — деп баса айтты С.Кененбаев.

Қалалық тәртіп сақшылары алдағы уақытта да «Таза қала» акциясын жалғастыра отырып, осы іспеттес кешенді арнайы іс-шаралар өткізетін болады. Ал, учаскелік уәкілдер мен жол полициясы қызметкерлері бүгінде тазалыққа қатысты тәртіп бұзушылықтың қала шеңберінде біршама азайғанын алға тартып отыр.

Соңғы жаңалықтар