Алматының Экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3- тармағы («б» тармақшасы) бойынша шетел азаматына қатысты қылмыстық із қозғады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азияның мәдениет және даму институтының Қазақстандағы бөлімшесінің лауазымды тұлғасы бола жүріп, шетел азаматы оған сеніп тапсырылған 12 млн теңге болатын өзгенің мүлкін иемденіп алған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті