Алматыда шетелдерде тұратын қазақстандық өнер шеберлерінің екінші фестивалі өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда шетелдерде тұратын қазақстандық өнер шеберлерінің екінші фестивалі өткізіледі

Алматыда шетелдерде тұратын қазақстандық өнер шеберлерінің екінші фестивалі өткізіледі

АЛМАТЫ. 23-қараша. Kazakhstan Today. Алматыда 25-27-қарашада шетелдерде тұрып жұмыс істейтін, дарынын әлемдік сахна мойындаған қазақстандық өнер шеберлерінің екінші фестивалі өткізіледі. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 23 Қараша 2006
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Отандағы концерттер» деп аталатын фестивальға Марат Бисенғалиев, Елена Келесседи, Фуат Мансуров, Алмас Серкебаев, Теміржан Ержанов, Эрик Құрманғали, Сержан Кауков, Владимир Афанасьев сынды танымал музыканттар, әншілер, балет шеберлері мен сазгерлер қатысады.

Фестиваль аясында классикалық музыка концерті өткізіледі, мастар-кластар ұйымдастырылады. Фестиваль 27-қарашада Абай атындағы опера және балет театрында біріккен концертпен аяқталады.

Фестивальды ұйымдастырушы М.Бисенғалиевтің қоғамдық қорындағылар фестиваль жылдың ең басты мәдени оқиғасы болады деп сенеді. «Ұлттың артықшылығын оның мәдениетіне қарап бағалайды. Ал бұл бірінші кезекте классикамен, нақтырақ айтсақ, симфониялық оркестрлер, балет және операмен өлшенеді»,- деді Ф.Мансуров.

«Отандағы концерттер» деп аталатын алғашқы фестиваль былтыр Астана мен Алматыда өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті