өтеді . Семинарды Ислам даму банкінің Шетелдік инвестициялар мен экспорттық несиені қамсыздандыру жөніндегі Ислам корпорациясы мен «Қазинвест» ЖАҚ бірлесіп ұйымдастырады. Шараға ҚР индустрия және сауда министрлігі ресми қолдау көрсетеді. Бұл туралы «Қазинвест» ЖАҚ-ның баспасөз қызметінен таратқан хабарламада айтылған.
Семинардың басты мақсаты- Ислам даму банкіне мүше-мемлекеттер арасында инвестициялық қызметтер ауқымы мен сауда-саттық көлемін ұлғайту болып табылады.
Шетелдік инвестициялар мен экспорттық несиені қамсыздандыру жөніндегі Ислам корпорациясы Ислам даму банкінің негізгі алты қаржылық институтының бірі ретінде 130 миллион доллар қаржымен 1994-жылы құрылған болатын.
Корпорация жұмысының басты мақсаты- Ислам даму банкіне мүше-мемлекеттер арасында инвестициялық ағымдарды ынталандыру мен коммерциялық аударымдар көлемін арттыру болып табылады. Корпорация экспорттық несиені қамсыздандыру, елдік факторға сәйкес инвестицияларды сақтандыру, экспорт бойынша қайтарылмаған қарыздардың орнын толтыру мақсатымен қамсыздандыру шараларын жүзеге асырады.