Алматыда шетелдік студенттердің халықаралық фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда шетелдік студенттердің халықаралық фестивалі өтеді

Алматыда шетелдік студенттердің халықаралық фестивалі өтеді

17-сәуірде Алматыда шетелдік студенттердің наурыз мейрамына орай ұйымдастырған халықаралық фестивалі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының ақпараттық-талдау орталығынан хабарлады.

  • 15 Сәуiр 2004
  • 356
Фото - Caravan.kz

Шараның мақсаты — білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, еліміздің жоғары оқу орындарына шетелдік студенттерді оқуға тарту болмақ.

Фестиваль бағдарламасы бойынша шетелдік студенттер «Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен ән-күйлері» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылады. Концерт барысында мүшелік билеттерді табыс ету рәсімі өтеді.
Шараға елшіліктер, СІМ мен көші-қон полициясының, және басқа да ұйымдардың өкілдері шақырылған.
ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының жанындағы шетелдік студенттер ісі жөніндегі ұйымының (КОСТИН) мәліметі бойынша, өткен жылы еліміздегі шетелдік студенттер саны 8700 адамды құраған. Олардың 7 мыңы аккредитациялы жоғары оқу орындарында оқиды.

Соңғы жаңалықтар