Алматыда шілде айында жол полициясы басқармасының 16 қызметкері көліктерді негізсіз тоқтатқаны үшін жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда шілде айында жол полициясы басқармасының 16 қызметкері көліктерді негізсіз тоқтатқаны үшін жауапкершілікке тартылды

Алматыда шілде айында жол полициясы басқармасының 16 қызметкері көліктерді негізсіз тоқтатқаны үшін жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда шілде айында жол полициясы басқармасының 16 қызметкері көліктерді негізсіз тоқтатқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД жол полициясы басқамасының бастығы Бақыткелді Айқынбеков бүгін қалалық әкімшіліке өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2006
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Біз полиция қызметкерлерін бейнекамераны пайдаланып жасырын бақылайтын арнаулы профилактикалық топ құрдық»,- деді Б.Айқынбеков.

«Ақпан айынан бері 67 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың кейбіреуі біздің қызметтердің тексеру қорытындысы бойынша ішкі істер мекемесінен жұмыстан кететіндігі туралы рапорт жазды»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта