Алматыда Шөмішбай Сариевтің авторлық кеші болады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Шөмішбай Сариевтің авторлық кеші болады

Алматыда Шөмішбай Сариевтің авторлық кеші болады

Алматыда 22 қазан күні Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің "Айналдым сенен, атамекен-ай" деп аталатын авторлық кеші өтеді.

  • 13 Қазан 2011
  • 740
Фото - Caravan.kz

Оған ақынның өлеңдеріне жазылған әндердің орындаушылары қатыспақ.

Қазіргі таңда 15 кітаптың авторы болып отырған Ш. Сариевтің шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Шығармашлық қызметтегі зор жетістіктері үшін 2004 жылы «Тарлан» сыйлығымен және Франс Кафка атындағы халықаралық қоғамның әдебиеттегі ерен еңбегі үшін берілетін алтын медалімен марапатталды. Сондай-ақ «Жыл адамы — Алтын адам» сыйлығына ие болды.

Ақынның мерейтойлық шығармашылық кештері бұған дейін Алматыда 2006 жылы Республика сарайында өткен еді. Онда қаламгердің «Елорда» баспасынан 2 мың таралыммен жарық көрген екі томдық таңдамалы өлеңдер жинағының таныстырылымы болды. Сондай-ақ Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Нұрлан Өнербаев, Мақпал Жүнісова, Сембек Жұмағалиев сияқты танымал әншілер халықтың сүйіп тыңдайтын «Еркеледің сен», «Атамекен», «Аралдан ұшқан аққулар» және «Қарағым-ай», «Аққу сенім» сияқты әндерін орындаған еді.

Перейти к новостям спорта