Алматыда ШЫҰ Жастар кеңесінің отырысы өтті - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ШЫҰ Жастар кеңесінің отырысы өтті

Алматыда ШЫҰ Жастар кеңесінің отырысы өтті

ШЫҰ Жастар кеңесінің отырысын өткізу үшін біздің қаламызды таңдап алғандарыңыз мен үшін үлкен мәртебе.

  • 11 Шiлде 2011
  • 532
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 9 шілде күні Алматыда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің ІV отырысына қатысушыларымен кездесуі барысында айтты.

Екі күнге созылған бұл жиынға Қытай Халық Республикасының, Ресей Федерациясының, Қырғызстан, Тәжікстанның, Моңғолияның және Беларустің жастар ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдарының өкілдері қатысты.

Қала әкімі құрылғанына 10 жыл толып отырған ШЫҰ-ға қатысты Саммиттен соң аталған жиынның маңызды екендігін айтып өтті.

«Саммитте қабылданған шешімдер біздің еліміз бен өзге мемлекеттер арасындағы барлық саладағы ықпалдастық байланысты бұрынғыдан да арттыра түсетіндігі сөзсіз», — деді А.Есімов.

Жиын барысында шаһар басшысы Алматы қаласының еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып жатқандығына тоқталып, оңтүстік астананың еліміздің экономикалық, қаржы, білім, ғылым, мәдени орталығы екендігін де жеткізді. Қала жалпы өнімнің бестен бір бөлігін, ал салық түсімінің төрттен бірін береді. Мұнда ҚР-ның Ұлттық Банкі, екінші деңгейлі барлық банктер орналасқан. Алматыда ел студенттерінің үштен бір бөлігі білім алуда, 52 жоғары оқу орны мен 80 орта арнайы оқу орындары да осында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар