Жарияланды: 380

Алматыда ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің Бас прокурорлары бас қосады

Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының 9-шы отырысы өтеді. Жиынға Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Бас прокуратураларының басшылары қатысады деп күтілуде. Шара барасында есірткі заттарына және қару контрабандасына тосқауыл қою, адам саудасына қарсы тұру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді шыққан еліне қайтару жолындағы ықпалдастықты одан әрі арттыру мәселелері талқыланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін