Алматыда Синьхай революциясының 100 жылдығына арналған фотокөрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Синьхай революциясының 100 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Алматыда Синьхай революциясының 100 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің әкімшілік ғимаратында жаңа Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен ықпал еткен ұлы көтеріліс - Синьхай революциясының 100 жылдығына арналған фотокөрме ашылды.

  • 25 Қазан 2011
  • 614
Фото - Caravan.kz

Көрменің ашылу салтанатына Университеттің бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, Алматыдағы ҚХР Бас консулы Ду Дэвэнь ханым, оқу орынының оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Көрмеге ұлы Синьхай революциясынан сыр шертетін және Қытай елінің дамуы мен оның бүгінгі жетістіктерін баяндайтын 60-тан аса фотосуреттер қойылған.

Шара барасында ұлы көтерілістің Қытай тарихында алған орны айтылып, оқиғаға шолу жасалды.

Естеріңізге сала кетсек, Синьхай революциясы Қытайда 1911 жылы болды. Бүкіл елде көтерілген қарулы көтеріліс сол кездегі феодалдық Цин әулетінің билігін құлатып, ұлы мемлекеттің монархиясына балта шапты. Бұл оқиға қытай күнтізбесі бойынша «Синьхай» жылы болғандықтан, «Синьхай революциясы» деген аталып кеткен.

Перейти к новостям спорта