Тұсаукесерге ҚР парламентінің депутаттары, ҚР президенті әкімшілігінің, саяси партиялардың, халықаралық және бейресми ұйымдардың өкілдері, сарапшы-талдаушылар мен журналистер шақырылған.
«Сайлауаралық қашықтық» жобасының басты мақсаты -нақты дәлел-дәйекке негізделген азаматтық диалогты Қазақстан қоғамындағы саяси мәдениет аясына кіріктіру, өркениетті интерактивті саяси коммуникациялар жүйесін сайлау алдындағы кезеңде қолданысқа енгізу болып табылады.
Жоба 2004-жылдың ақпан-қараша айлары аралығында 10 айға созылады.
Жобаны «Сорос-Қазақстан» қорының «Жергілікті өзін-өзі басқару» бағдарламасы мен Local Government Initiative and Public Service Reform (LGI/OSI-Budapest) — Matching Funds тәрізді желілік бағдарламалар қаржыландырады.