Алматыда "Сорос-Қазақстан" қорының "Сайлау аралық қашықтық" тақырыбындағы жаңа жобасының қоғамдық тұсаукесері өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Сорос-Қазақстан" қорының "Сайлау аралық қашықтық" тақырыбындағы жаңа жобасының қоғамдық тұсаукесері өткізіледі

Алматыда "Сорос-Қазақстан" қорының "Сайлау аралық қашықтық" тақырыбындағы жаңа жобасының қоғамдық тұсаукесері өткізіледі

Ертең, 24-наурызда Алматыда "Сорос-Қазақстан" қорының "Сайлау аралық қашықтық" тақырыбындағы жаңа жобасының қоғамдық тұсаукесері өткізіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Сорос-Қазақстан" қорынан хабарлады.

  • 23 Наурыз 2004
  • 518
Фото - Caravan.kz

Тұсаукесерге ҚР парламентінің депутаттары, ҚР президенті әкімшілігінің, саяси партиялардың, халықаралық және бейресми ұйымдардың өкілдері, сарапшы-талдаушылар мен журналистер шақырылған.

«Сайлауаралық қашықтық» жобасының басты мақсаты -нақты дәлел-дәйекке негізделген азаматтық диалогты Қазақстан қоғамындағы саяси мәдениет аясына кіріктіру, өркениетті интерактивті саяси коммуникациялар жүйесін сайлау алдындағы кезеңде қолданысқа енгізу болып табылады.
Жоба 2004-жылдың ақпан-қараша айлары аралығында 10 айға созылады.
Жобаны «Сорос-Қазақстан» қорының «Жергілікті өзін-өзі басқару» бағдарламасы мен Local Government Initiative and Public Service Reform (LGI/OSI-Budapest) — Matching Funds тәрізді желілік бағдарламалар қаржыландырады.

Соңғы жаңалықтар