Алматыда сот очерктері туралы байқаудың қорытындысы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сот очерктері туралы байқаудың қорытындысы жарияланды

Алматыда сот очерктері туралы байқаудың қорытындысы жарияланды

Бүгін Алматыда Қазақстан соттары одағы, Қазақстан журналистер одағы және "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры ұйымдастырған сот очерктері туралы байқаудың қорытындысы жарияланды.

  • 27 Маусым 2011
  • 365
Фото - Caravan.kz

Қазақстан соттары одағының төрағасы Владимир Борисовтың айтуынша, сайысқа үміткерлерден жыл басынан 20 маусымға дейін 63 газет және 1 телевидение материалы келіп түскен. Онда 5 адамнан тұратын қазылар алқасы материалдары сот очеркі жарының негізгі белгілерінің сақталуы, сот өндірісіндегі құқық мәселелерінен автордың хабардарлығы, шығармашылық шеберлігінің деңгейі өлшемдері бойынша сараптады.

«Байқау қорытындысы бойынша, көпшілік дауыспен 1 орын «Время» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Галина Выборноваға берілді. 2-3 орынды «Заң» газетінің тілшісі Шолпан Қараева мен Атырау қаласының «Мұнайлы Астана» газетінің тілшісі Смадияр Құттыгерей иеленді. Сондай-ақ Шымкент қаласындағы «Ока» газетінен Татьяна Корецкая, Теміртау қаласынан «Теміртау жұмысшысы» газетінен Елена Кулакова», Ақтөбе қаласынан «Ақтөбе Таймс» газетінен Юлия Минина ынталандыру сыйлығына лайық деп табылды», — дейді қазылар алқасының мүшесі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Рахиля Қарымсақова.

Соңғы жаңалықтар