Алматыда стенд атудан бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Қорамсақ» турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда стенд атудан бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Қорамсақ» турнирі өтеді

Алматыда стенд атудан бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Қорамсақ» турнирі өтеді

 Алматыда стенд атудан бұқаралық ақпарат құралдары арасында 5қазан күні «Қорамсақ» турнирі өтеді. Оны «Қорамсақ» Қазақстан қару-жарақ қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Ол ату спортын насихаттау және азаматтық қаруға деген қызығушылықты көтеру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

  • 2 Қазан 2013
  • 497
Фото - Caravan.kz


Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1900 жылы кірген стенд атудан алғашқы Әлем чемпионаты 1935 жылы өткен болатын. Қазақстанда кенже дамыған спорт түрі болып саналатын стенд атудан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына қатысқанымен әлі күнге дейін жеңімпаз атанған ешкім болған жоқ.

Жалпы ату спортының бұл түрінде арнайы алаңдарда лақтыратын құрылғылар мен лақтырылатын нысана-тарелкелер тегіс ұңғылы мылтықтан атылады. Қазақстанда ол ату спортының түрі ретінде 1934 жылдан бастап тарала бастады. Қазақстанда кеңестік дәуірде Еуропа чемпионы, Еуропа кубогының иегері, КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы, командалық есептегі Әлем чемпионы болған спортшылар шыққанымен, қазір бұл үрдіс лайықты деңгейде өз жалғасын таппай отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера