Алматыда студент курстасын компьютер үшін пышақтап өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда студент курстасын компьютер үшін пышақтап өлтірген

Алматыда студент курстасын компьютер үшін пышақтап өлтірген

Курстасын компьютер үшін пышақтап өлтірген! Алматыда студенттің өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Әне-міне диплом алғалы жатқан жігіттер аудиториядағы бір компьютерге таласып қалған екен. Салдарынан, екеуара жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан. Бірақ бұл мәселеге қатысты білім ордасы әзірге жақ ашпай отыр. Қазақ ұлттық техникалық университетіндегілер, тіпті, сабаққа суық қарудың қалай келгеніне таңырқап отыр.

  • 5 Желтоқсан 2015
  • 278
Фото - Caravan.kz

Студенттің денесі мына дәретханадан табылған. Электроэнергетик мамандығын әне-міне бітіргелі жатқан Самұратты мұнда өз курстасы ертіп келіп пышақтаған.

Бақдәулет Исламбеков, Самұраттың курстасы:

-Аяғын былай ұстады да, қабырғаға осылай ұстап тұрды. Сонымен мен одан сұрадым «не болды» десем, анау пышақ тығып алғанын айтты, Тілектің пышақ тығып алғанын айтты. Осылай ұстаған күйі терезенің түбіне барып отырды. Ал артынан Тілек шықты қолында пышағы бар.

Сөйтсе, талас компьютер үшін шыққан екен. Курстасы Самұраттың санына пышақ сұғып, күретамыры кесілген жігіт дәретханада қансырап көз жұмыпты. Күдікті кінәсін бірден мойындағанымен, көп ұзамай сөзінен тайқып шыға келген.

Арай Байменді, Самұраттың ағасы:

-Самұратты бокспен, каратэмен айналысқан деп жазған. Бірақ ол каратэмен, бокспен айналыспаған. Сол Текішев Тілектің әкесі экс-прокурор дейді. Туыстары Ұлттық қауіпсіздік комитетінде істейді дейді. Үлкен лауазымдарда екен. Сол біз осы істі жауып тастай ма деп қорқамыз. Содан күдіктенеміз.

Университет қабырғасында қаза тапқан студент жайлы жоғары оқу орны қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Ұлттық техникалық университет, тіпті, студенттерінің қолында суық қарудың қалай тап болғанын да түсіндіре алған жоқ. Есесіне, басқа білім алушылар бәрін айтып салды. Сөйтсе, адам өлтірген жігіт бұған дейін де оқу орнына пышақ әкеліп, жалғанды жалпағынан басып жүріпті.


Дәуіржан Ниязбаев, Самұраттың курстасы:

— Текішев Тілек «Тойота хайландермен» жүретін, джип болатын, оның алдыңғы нөмірі болмаған сол күні. Ал артқы нөмірі 474 болатын. Біз оған таң қалатынбыз нөмірсіз жүргеніне.   

Қазір курстасын өлтірген күдікті уақытша қамауға алынған. Қылмыстық іс қозғалғанымен, оның әділ жүретініне марқұмның туыстары қатты күмәнданып отыр.  

Соңғы жаңалықтар