Алматыда студенттер арасында коньки тебу спорты бойынша II Әлем чемпионаты басталды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда студенттер арасында коньки тебу спорты бойынша II Әлем чемпионаты басталды (ФОТО)

Алматыда студенттер арасында коньки тебу спорты бойынша II Әлем чемпионаты басталды (ФОТО)

Бүгін Алматыда «Медеу» спорт кешенінде студенттер арасында коньки тебуден II Әлем чемпионаты басталды. 

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 563
Фото - Caravan.kz

Біріншілікке 12 елден, олардың ішінде Норвегия, Италия, Польша, Финляндия, Нидерланды және басқа да мемлекеттерден барлығы 77 спортшы (40 жігіт, 37 қыз) қатысуда. 

«Медеу» спорт кешенінде коньки тебуден соңғы рет ірі халықаралық турнир сонау 1988 жылы өткен болатын. Сондықтан, біз сияқты, осы бір спорт түрінің өкілдері үшін аталмыш чемпионат — нағыз мереке іспеттес. Ұлттық құрама команда қазір Әлем чемпионаты алдында өзінің оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Студенттік Әлем біріншілігіне қатысатын жас спортшыларымыз да биік тұғырдан көрінеді деген үміттемін», — деді арнайы баспасөз мәслихаты барысында ҚР коньки тебу спорты бойынша ұлттық федерациясының атқарушы директоры Радик Бикчентаев.

FISU (Халықаралық университеттік спорт федерациясы) атқарушы комитетінің мүшесі Каирис Ульптің айтуынша, мұндай жарыстар FISU және ISU (Халықаралық коньки тебушілер одағы) ережелері мен техникалық тәртібіне сәйкес өткізіледі және 2017 жылы Алматыда XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары алдындағы тестілік халықаралық жарыс болып табылады.

«Бұл спорттық шара Елбасының бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамытуға бағытталған саясаты аясында өткізіліп жатыр. Ал бұл жерде студенттік спорттың алатын орны ерекше. Өйткені, үлкен спорт қашанда  жастардан басталады», — деді Алматы қ. халықаралық спорттық жобалары дирекциясының директоры Илья Оразақов.


Төрт күнге созылатын турнир барысында 500, 1000, 1500, 3000, 5000, 10000 метрлік қашықтықтарда сайыстар өтеді. Сонымен қатар, командалық өкшелей қуалау мен масс-старт жарысы да болады.
конькобежному

конькобежному

конькобежному

конькобежному

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера