Ал «вице-ханшайым» атағын «Сымбат» сән академиясынан Анар Лебедова иеленді. Былтыр бұл додада Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінен Айкен Түктекбаева «Студенттер ханшайымы» атанған еді. Жеңімпазға бұл жолы да демалысын теңіз жағасында өткізуге жолдама берілді.
Жалпы биыл 7-ші рет өтіп отырған «Студенттер ханшайымы» жобасы 20-ға жуық студенттер арасындағы сұлулық жарыстарының басын қосады. Онда алдымен әрбір оқу орны өз аруын анықтайды. Ең үздіктері одан кейін ақтық сында бақ сынайды. Бұл жолы жеңімпаз 19 оқу орнының ең сұлу ханшайымдарының арасынан суырылып озып шықты.