Алматыда субұрқаққа түскен жасөспірімнің неден қайтыс болғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда субұрқаққа түскен жасөспірімнің неден қайтыс болғаны анықталды

Алматыда субұрқаққа түскен жасөспірімнің неден қайтыс болғаны анықталды

Қайғылы оқиға 19 маусымда болған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақта 17 жастағы жасөспірім қаза тапты.

  • 23 Шiлде
  • 10
Фото: видеодан алынған

Алматыда ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында қайтыс болған 17 жастағы жасөспірімнің өлімінің себебі белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оңтүстік-Шығыс өңірі бойынша өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықов сараптама жігіттің қайтыс болу себебін анықтауға көмектескенін айтты.

«Өлім суға бату кезінде тыныс алу жолдарын су жауып қалып, соның салдарынан туындаған механикалық асфиксиядан болған», — деді сарапшы.

Сондай-ақ, ол мұның алдында электр тогы соққан-соқпағанын анықтау мүмкін еместігін түсіндірді.

«Ток туралы айта алмаймыз. Оған не болды және қалай, неге жағдайы нашарлады — бұл біздің құзыретімізге кірмейді. Біз тек өлімнің тікелей себебін береміз», — деп қорытындылады маман.

Еске салайық, қайғылы оқиға 19 маусымда болған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақта 17 жастағы жасөспірім қаза тапты.