Қалалық мәслихаттың мәжілісінде табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу департаментінің директоры Сұлтанбек Мәкежановтың айтуынша, қала аумағындағы су қоймаларының шекаралары болмағандықтан Алматыда су қоймалары мен өзендердің жағалауларында құрылыс қаптап кеткен. «Осының салдарынан төтенше жағдайлар қаупі туып, таудан келетін самалға кедергі келтіреді»,- дейді ол.
С. Мәкежановтың айтуынша, қазіргі кезде «Су қоймаларын қорғау шеңберлерін анықтау» жобасы аяқталып қалды. Жобаға сәйкес, су нысандарының қорғаныс шеңбері 20 метр, ал су қорғау аймағы 100 метр болмақ.
Заң мен аталған жобаға байланысты, ерекше қорғаудағы су қоймаларының шеңберінде қандай да бір шаруашылық қызмет ұйымдастыруға тиым салынады. Ал мұндай аймақта шаруашылық қызметке шектеу қойылады,-деп жазылған әкімшілік хабарламасында.
Бағдарлама жасаушылардың болжамынша, су қоймаларына жақын салынған құрылыстарды бұзу, жер телімдерін қайтарып алуға байланысты шығындарды санамағанда, бағдарламаның құны 24,2 млрд теңгені құрамақ. Сонымен қатар, бағдарламаның жүзеге асуына республикалық бюджеттен 4,9 млрд, жергілікті бюждеттен 14,4 млрд теңге қаржы жұмсалса, тартылатын жеке инвестициялар мөлшері 4,9 млрд теңгені құрамақ.
Департаменттің хабарламасы бойынша, Алматыда 22 өзен, 2 канал, 4 жасанды су қоймасы бар. Қала аумағымен өтетін өзендердің жалпы ұзындығы — 220 шақырым. Ал су қоймалдарының жалпы көлемі -1116 га. Өзендердің ең үлкені -Үлкен Алматы өзені (29 шақырым), Кіші Алматы (28 шақырым), Есентай (25 шақырым).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті