Бұл туралы "Территория происшествий" бағдарламасы хабарлады.
Жол апаты Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта Жангелдин көшесіне жетпей болған.
Куәгерлердің айтуынша, Toyota Carina автокөлігінің жүргізушісі белгісіз себептермен басқаруды игере алмай бар жылдамдығымен қоғамдық көлікке соқтығысқан. Автобус жол шетінде жолаушыларсыз тұрған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам — Toyota жүргізушісі мен жолаушысы ауыр халде жатыр ауруханаға жеткізілді Жедел жәрдем келгенге дейін адамдар көліктің есігін жұлып алып, зардап шеккендерді автомобильден алып шыққан.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.