Алматыда «Табиғи газбен жұмыс істейтін автокөліктер» атты форум өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Табиғи газбен жұмыс істейтін автокөліктер» атты форум өтуде

Алматыда «Табиғи газбен жұмыс істейтін автокөліктер» атты форум өтуде

Алматыда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және Корея Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен «Табиғи газбен жұмыс істейтін автокөліктер» атты форум өтуде.

  • 15 Маусым 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

Аталған форумның басты мақсаты — табиғи газбен істейтін автокөліктер мәселесі туралы тәжірибе алмасу және ауаның тазалығын жақсарту болып табылады.

Оңтүстік Кореядан келген делегацияның құрамында министрлік өкілдері, табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік кәсіпорындарының, газ жабдықтары өндірісі саласындағы ірі компаниялардың өкілдері бар.

Таулы ойпатта орналасқан Алматы қаласы үшін экологиялық проблемалар, атмосфералық ауаның сапасын жақсарту мәселелері — басым бағыттардың бірі. Біржарым миллиондай халқы бар алып шаһардың жыл сайын дамып келе жатқан өндірістік қуаты, инфражүйелік нысандарының қала экологиясына тигізетін кері әсері де мол. 2010 жылы Алматы қаласындағы (ИЗА5) ауаның ластану индексі 11,7 көрсеткішті құраған. 2011 жылдың 1 тоқсанында ауаның ластану индексінің көрсеткіші — 10,9 көрсеткен. Бұл көрсеткіштің төмендеуі — Алматы қаласы әкімдігінің қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығаратын түрлі көздердің кері әсерін төмендетуге бағытталған шаралардың, оның ішінде көлікке қатысты жүйелі шаралардың іске асырылуының нәтижесінде мүмкін болған.

Алайда бүгінде Алматы қаласында ауаға бөлінетін зиянды заттар жылына 237 мың тоннаны құрап отыр. Мұның сыртында соңғы жылдары тым көбейіп кеткен транспорттың кесірінен ауаның шектен тыс ластануы өріс алып отыр. Қазіргі күні қалада 523 мыңнан аса автокөлік тіркелген. Жан-жақтан келетін, яғни қалаға сырттан келіп жатқан көліктерді қосқанда, барлығы 700 мыңдай. Осы автокөліктерден жылына 190 мың тонна улы зат бөлінеді екен. Бұл қалаға тарайтын зиянды шығарындының 80 пайызын құрайды.

Алматы қаласы әкімдігі қазіргі уақытта «Алматы қаласындағы автокөлік құралдарын сығылған табиғи газға көшіру» жобасын жүзеге асыруда. «ҚазТрансГаз» АҚ мен «БЖ Лимитед Интернешнл» компаниясы бұл мақсатты бірлесіп жүзеге асыруды қолға алуда. 2010 жылы осы жоба аясында бірінші рет газ толтыратын станция салынды және газбен жүретін автобустар сатып алынды. Бүгінгі күні қаламызда 130 газбен жүретін автобус қызмет көрсетуде, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын таба бермек.

Соңғы жаңалықтар