Оған барлық ТМД елдерінің төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктерінің басшылары қатысады деп күтілуде.
Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.
Отырыста сейсмологиялық төтенше жағдайларды болжау және мониторинг саласында ТМД елдерінің өзара ықпалдастық концепциясының жобасы талқыланып, Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекетаралық кеңес жөніндегі тәртіпке өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы сарапқа салынады.
Сондай-ақ, мемлекетаралық Кеңестің отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара төтенше жағдайлар жөніндегі хабарлама беру жүйесін тексеруден өткізу жұмыстарының 2004-жылғы жоспар-кестесін талқылау, ТМД төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшелерінің бірлескен шаралар аясында радиобайланыстарды жүзеге асыруы мақсатында өзара жиілік беру мәселелері талқыланады.
Кездесу барысында Мемлекетаралық кеңес мүшелері ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің жұмыс тәжірибесімен танысып, Республикалық дағдарыс орталығы мен Агенттіктің Шамалғандағы сел полигонын аралап, құтқарушылардың «Хан тәңірі-2003» халықаралық бірінші слетының ашылуына қатысады.