Алматыда тағы бір ірі базар отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тағы бір ірі базар отқа оранды

Алматыда тағы бір ірі базар отқа оранды

Алматыда тағы бір базар өртенді. Бұл жолы «оптовка» деген атпен танымал «Жұлдыз» базары отқа оранды. Дөнер дүңгіршегінен басталған тілсіз жау 300 метр аумаққа таралып үлгерген. Ал оқыс оқиғаға электр желісіндегі ақау себеп болуы мүмкін. Бірақ алдыңғы өрттерден секем алып қалған саудагерлердің бұған сенгісі жоқ.                                

  • 24 Қазан 2015
  • 526
Фото - Caravan.kz

-Өрт! Ойбай өрт!

Алыстан көрінген көк түтін таңмен таласа оянған саудагерлердің төбе шашын тік тұрғызды. Бастапқыда кіреберістегі бутиктердің бірі түтіндеген екен. Бірақ артынша тұтанған от қалғандарына да тарап кеткен.

Асыл Сейітова, саудагер:

Алдын алған жоқ! Сырттан шыққан өртті ішке қарай жібермеуге болар еді! Соны ішін ашып ертерек өшіргенде! Пожарныйлар да келді сусыз келді тұрды пожарниктер де. Бірінші келген пожарник просто келіп қарап тұрды!!!

Әрқайсысы тауарларымен қосқанда, кем дегенде, 10 миллион теңге тұратын контейнер иелері бәріне кінәлі дөнерші деп отыр.        

Мұрат Битімбаев, саудагер:

Таңғы жетіге жиырма минут қалғанда мына бұрыштағы самсадан от көрінді. Пока пожарныйлар келгенше, от ұлғайып… Біз өшіре алмадық оны! Налогтың қағазы бәрі кетті, кассовый аппарат бәрі кетті!/

 

Расында да өрт дөнер әзірлейтін дүңгіршектен тараған көрінеді. Бастапқыда құтқарушыларға көрінбей қашқақтап жүрген оның иесі бәрі өртеніп біткенде, болған жайтты бізге өзі баяндап берді.       

Ерлан Канетов, дөнер дүңгіршегінің иесі:

— Біз келген кезде уже түтеп жатты. Біз аштық тағы, сразу огнетушитель алып келіп, өшірмекші болдық. Сол кезде кабельден былай қарай уже тез жанатын болғаннан кейін өрт солай басталып кетті.

Есесіне, өрт сөндірушілер басқа сатушыны жағадан алып әлек. Айтуларынша, өрт осы саудагер қыздың термосынан шығыпты. 

Жанна Ахметова, саудагер:

Бензині бар термостан өрт шықты деген бір несі бар жаңағы варианты бар. Ол термос менікі емес! Бірақ термосты ішінде бензинімен тапқан.

Десе де, апатқа термос емес, электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Мұны базар күзетшілері де растап отыр. Ал сауда орнының сол күйі төбе көрсетпей қойды. Шығынның өтеуін кімнен дауларын білмей саудагерлер қалды. 

Соңғы жаңалықтар