Алматыда тағы бір нәресте тастанды атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тағы бір нәресте тастанды атанды

Алматыда тағы бір нәресте тастанды атанды

Алматыда тағы бір нәресте тастанды атанды. Безбүйрек ана жаңа туған қызын перзентханаға қалдырып, өзі қашып кеткен. Анасының тегіне сәйкес бүлдіршінге қазір Ләззат Жұмашева деген есім беріп отыр.

  • 7 Қараша 2012
  • 296
Фото - Caravan.kz

Кішкентай Ләззат бірнеше күннен бері қалалық №1 бөбектер үйінде. «Денсаулығы қалыпты, туабітті дерттен ада», — дейді дәрігерлер. Тіпті көп жылап, тәрбиешісінің  мазасын да алмайды екен балғын. Сондай-ақ, бұл мекемеде перзентханадан әкелінген Сергей Байдерин есімді 2 жастағы бала тәрбиеленуде. Оны да тасбауыр анасы туа салысымен тастап еткен. Қазір екі баланың жақындарына іздеу салынып жатыр.


Жазира Молдабаева, Алматы қалалық №1 бөбектер үйі бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

— Байдерин Сергей 2 жаста. Перзетханадан жеткізілген. Содан бері осында анасы Елена Байдарина бір мәрте іздеп келді. Құжаттарын реттесімен алуға уәде еткен. Бірақ содан бері бір жыл өтті. Ал екінші нәресте Ләззат осыдан бірнеше күн бұрын әкелінді.

Соңғы жаңалықтар