Жарияланды: 350

Алматыда тағы бір заңсыз ойынхана әшкере болды

Алматыда тағы бір заңсыз ойынхана әшкере болды. Бұл жолы құқық қорғау орнының қызметкерлері қаладағы ең танымал ойын-сауық орталықтарының бірінде қаннен қаперсіз құмар ойын ойнап отырғандарды құрықтады.

Арнайы операция кезінде казинода 30 ойыншы мен 20 қызметкер болған. Сондай-ақ, заңсыз ойын ордасынан 10 покер үстелі мен жеті мыңнан астам карта, 991 мың теңге мен 3 мың АҚШ доллары тәркіленді. Қаржы полициясы казиноның тұрақты келушілері мен жалпы табыс туралы ақпаратты да анықтаған. Бұған дейін көптің көзінен таса болған құмар ойын орталығы құжаттарда спорттық покер клубы ретінде көрсетіліпті. Қолға түскен ойыншылар ешқандай жазаға тартылмайды, ал ойынхананың қожайыны енді заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауап беретін болады. Яғни, үлкен мөлшерде айыппұл салынып 2 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін