Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі белгілі болды

Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі белгілі болды

Медеу ауданында массаж салонының атын жамылған кеңсе жезөкшелердің орталығы болып шықты.

  • 22 Ақпан 2021
  • 86
Фото - Caravan.kz

Мекемеде жұмыс істейтін қыздар массаждан бөлек клиенттеріне жеке интимдік қызметтер көрсетіп келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жезөкшелер «жұмысқа» түнде шыққан. Жеңіл жүрісті қыздардың арасында бұрын сотталған  ресейдің азаматшасы да бар. 

«Әкімнің тұрғындармен кездесуінде аудан тұрғындары түнгі уақытта жұмыс істейтін жеке кеңсеге шағымданды. Жедел-алдын алу іс-шаралары барысында мекен-жайдағы массаж салоны тексерілді. Тұрғындардың күдіктері дәлелді болып шықты — мекемеде жезөкшелер үйі орналасқан, онда жеңіл жүрісті 11 қыз анықталды. Сондай-ақ, әкімшілік өкілдері мен жұмысшы персонал аудандық басқармаға жеткізілді. Қыздар арасында көрші мемлекеттен келгендер де "жұмыс істеді". Ұсталғандардың бірі, 32 жастағы Ресей Федерациясының азаматы, оның ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотталығы бар», — деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.

Барлық «жеңіл жүрісті» қызға әкімшілік жазалау хаттамасы жасалды. Интим қызметтерді ұсынуға мекемені жалға берген үй иесі де тексеріледі. Ол ҚР-ның заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.


Соңғы жаңалықтар