Алматыда Тайланд іскерлік өкілдердің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Тайланд іскерлік өкілдердің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі

Алматыда Тайланд іскерлік өкілдердің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі

Алматыда 22-қыркүйекте Тайланд елінен келген кәсіпкерлік өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі. Бұл шараны Тайланд үкіметі, ҚР СІМ, Алматы қалалық әкімшілігі мен инвестицияларға ықпалдастық жөніндегі "Қазинвест " орталығы бірлесіп ұйымдастырмақ. Бұл туралы ҚР индустрия және сауда министрлігінің "Қазинвест" орталығынан хабарлады.

  • 22 Қыркүйек 2003
  • 548
Фото - Caravan.kz

Өкілдер құрамында Тайланд орталық ислам комитетінің өкілдері, осы елдің коммерция министрлігінің экспортты дамыту бөлімінің, Ұлттық тағамтану институтының, азық-түлік өнеркәсібі Қауымдастығының, Тайланд-исламдық сауда-өнеркәсіп қауымдастығының өкілдері бар.

Сапар мақсаты- Қазақстан мен Тайланд арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, еліміздегі азық-түлік нарығын зерттеу, екі ел кәсіпкерлерінің арасында тікелей қарым-қатынас орнату болмақ.
Бизнес-форумға азық-түлік өнімдерін өндіру, сауда-саттық (компьютерлер, ауылшаруашылығы өнімдері және автокөліктер сату) саласында жұмыс істейтін іскерлік өкілдері , қаржылық-инвестициялық институттар мен ұлттық өнеркәсіптік және сауда ұйымдарының өкілдері қатысады. Қазақстан жағынан форумға Қазақстан азық-түлік өнімдерін өндірушілер Одағының басшылығы, ҚР кәсіпкерлері
форумының , сондай-ақ, еліміздегі азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялардың өкілдері қатысады.
Форумда әр саладағы өзара тиімді екі жақты ынтымақтастық байланыстарды нығайту мүмкіндіктері мен басым бағыттары талқыланады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар