Алматыда такси жолаушыларын тонаған жалған полиция қызметкері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда такси жолаушыларын тонаған жалған полиция қызметкері ұсталды

Алматыда такси жолаушыларын тонаған жалған полиция қызметкері ұсталды

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. Kazakhstan Today. Алматыда такси жолаушыларын тонаған жалған полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

  • 17 Қаңтар 2007
  • 408
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің айтуынша, жалға алынған таксимен түнде жортуылға шығатын жас жігіт жалғыз жүрген жолаушыларды отырғызып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, құжаттарын көрсетуді талап еткен. Содан кейін, жолаушыны тапаншамен қорқытып, ақшалары мен бағалы заттарын күшпен тартып алып отырған.

Өткен аптада полицияға төрт адам осындай шабуылдан зардап шеккенін айтып, шағым түсірген.

«Тоналғандардың бірі көліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірін есіне сақтап қалыпты», деді баспасөз қызметі.

Медеу аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол 20 жастағы Алматы тұрғыны екен. Күдіктінің анасымен тұрып жатқан жерінен полиция қызметкерінің киімі, жолаушыларды қорқытуда пайдаланылған оттық түріндегі тапанша , оқу гранатасы, бос әмияндар, белбеу және он үш адамның жеке куәлігі табылған.

Сұрау барысында күдікті өзінің айыбын мойындады, оның айтуынша ол мұндай қылмысқа ескі танысының кеңесінен кейін барған. «Әуелі «Сайран» автобекетінде ол полиция қызметкерінің киімін сатып алған, содан кейін қылмыс жоспарын жасаған»,-дейді полицейлер. «Оған кеңес берген танысы іздестірілуде»,-дейді баспасөз қызметінің өкілдері.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта