Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Тәртіпсіздікке қатысушы ірі қару-жарақ дүкенін тонағаны белгілі болды.
"Әуезов ауданының полиция қызметкерлері И. есімді ер адам жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге қатысқанын анықтады. Сонымен қатар, ірі қару дүкенін тонап, 10 патроны бар BrowntnG тегіс ұңғылы мылтығын ұрлап кеткен.", — деп хабарлайды полиция.
Ер адам мылтықты №5 ықшам аудандағы ауланың біріндегі қоқыс жәшігіне тығып қойған.
Бірнеше күннен кейін күдікті таксиге отырып, мылтық жасырынған жерге келген. Көлік жүргізуші жолаушының теледидар қорабына қару жасырып жүргенін байқап, полицияға хабарлаған.
"Тұтқындау кезінде И. есімді ер адам әскери киімде болған. Оны қайдан алғанын тергеу анықтайды. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қаласының комендатурасы мұндай оқиғаларға бей-жай қарамайтын азаматтарға алғыс білдірді", — делінген ақпаратта.