Жарияланды: 100

Алматыда танымал әнші жол апатына ұшырады

Алматыда танымал әнші жол апатына ұшырады Сурет - Stan.kz

Mersedes көлігінің жүргізушісі мас күйінде болған

Алматыда танымал әнші Айбек Серікханов пен оның қарындасы Алуа Серікханова "Жұлдыз" ықшамауданында жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Huyndai Gets автокөлігі Іле ауданынан қалаға қарай бағыт алған. Ал Mersedes көлігі керісінше қарсы бетте кетіп бара жатқан. Mersedes маркалы көліктің жүргізушісі кенеттен келе жатқан жолаққа түсіп кеткен. Қатты соққыдан Mersedes бұрылып кеткен. Ал Hyundai жолдың шетіне шығып қалған.Куәгерлердің айтуынша, Mersedes көлігінің жүргізушісі мас күйінде болған. Hyundai Getz автокөлігінде белгілі әнші Айбек Серікханов болған. 

Айбек Серікханов жас болса да өте талантты әртіс.  Оның мұрны сынған, сол көзіне қатты зақым келген, бас миы шайқалып, кеуде жарақатын алған. Айбекпен бірге оның 14 жастағы қарындасы да болған. Халықаралық жарыстардың лауреаты – Алуа Серікханова да зардап шекті. Айта кетсек, 2017 жылы Минскіде өткен халықаралық өнер конкурсында Алуа Серікханова «Эстрадалық вокал» номинациясында бірінші орынға ие болды. Соның арқасында 98 қатысушының ішінен Қазақстан бірінші орынға шығып, Македониядағы музыкалық фестивальге қатысуға шақырту алған. Оның басы шаййқалған және оң қолы гипсталған.

«Қарындасым Алуамен қатты жол апатына ұшырадық! Huyndai Gets көлігімен келе жатқанда Mersedes жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, бізді соқты. Жүргізуші удай мас болды! Жол-көлік оқиғасын көрген куәгерлер бізді шығарып алып, жедел жәрдем мен жол полициясын шақыртты. Менің қатты соққыдан сол жақ көзім көрмей тұр, өкпем қысылып, миым шайқалып, мұрным сынды, қан жоғалттым. Алуа есінен талып, денесімен қатты соққы алды, қолы сынды, қатты травматикалық шок алдық. Көліктің жартысы жоқ. Бір Алланың арқасында тірі қалдық. Екеуімізді екі бөлек ауруханаға алып кетті! Маған ота жасалады! Бұл текстті менің айтуыммен әпкем жазып отыр! Арақ ішіп айдаған жүргізушінің кесірінен денсаулығыма қатты зақым келді! Менен де ата-анамнан әлі ешкім кешірім де сұраған жоқ! Құқық қорғау органдары мен заң қызметкерлеріне бұндай қылмыстардың тамырын жою үшін заңды күшейтуін сұраймын! Адам өмірі ойыншық емес қой! Ішіп айдап, жол куәлігісіз жүру, қарсы бетке шығу қоғамға үлкен қауіп төндіреді! Mercedes жүргізушісі бұрынғы полицей екен. Өзін кінәсіз қылып шығарайын деп жатыр. Менің орнымда басқа жан болып мерт болса не болар едi, өмірді де денсаулықты да ешкім ақшамен қайтара алмайды!», – деп жазды Айбек Серікханов өз Instagram парақшасында. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін