«Ұсталғандардың үшеуі – Грузия азаматтары: топ басшысы – 46 жасар, бұрын соттлаған Ван ауданының ұрысы, және оның екі ымыраласы – Тбилиси мен Кутаисиден келген 35 және 37 жасар, олар да сотталғандар. Ұрылардың төртіншісі – Алматыға орнығып алған 42 жасар Қырғызстан тумасы», — деді сұхбатшымыз.
Алынған заттай айғақтармен шығарылған қорытынды бойынша, аталған ұрылар тобы соңғы үш айда қалада жасалған кем дегенде 18 ұрлыққа қатысты екен.
Алдын ала тексеру материалдары бойынша, «гастролерлер» «Ақсай – 1», «Ақсай-1А», «Жетісу-2», «Жетісу – 3» ықшам аудандарында 4 пәтерді тонаған. Олар осыншама ұрлықты «Орбита-2», сондай-ақ Розыбакиев көшелерінде жасап, Алмалы ауданындағы Әуезов көшесіндегі бір үйді бұзып ашқан. Бірақ ұрылар көпшілік ұрлықтарын Медеу ауданында жасапты, дейді дерек көзі.
Алматының осы секторында тоналған 9 пәтердің иелерінің ішінде танымал өнер және мәдениет қайраткерлері мен олардың туыстары бар. Олардың біреуі «Хабар» телеарнасының шоумені. Оның Достық даңғылындағы пәтерінен өте қымбат тұратын 9 Cartie сағатын ұрлап кеткен. Танымал кеңестік партиялық басшының Қонаев көшесіндегі пәтерінен ұрылар алтын әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен.
Осы ұрылар тобының Н. Тлендиев атындағы мемлекеттік аккадемиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестірінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері Динара Тлендиеваның пәтерінен сейфті ұрлауға да қатысы болған. Ол сейфте $14 мың, Т50 мың, құжаттар мен 34 алтын әшекей бұйымдар болған.
Полицейлер ұрылардың үйге негізінен есіктің кілтін таңдап ашу арқылы немесе бұзып кіріп отырғанын айтады.
Ұрылардың жалпы келтірген шығындарын құқық қорғау органдары әзірге айта алмай отыр. Ал бұл ретте алдын ала мәліметтер бойынша, алтынды есептемегенде тек қана ұрланған заттарды теңгеге айналдырғанда оның сомасы Т12 млн-нан асады деп есептеліп отыр.