Алматыда танымал венгриялық пианист Дёрдь Оравец өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда танымал венгриялық пианист  Дёрдь Оравец өнер көрсетеді

Алматыда танымал венгриялық пианист Дёрдь Оравец өнер көрсетеді

 Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында 2-3 наурыз күндері танымал венгриялық пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Дёрдь Оравец өнер көрсетеді.

  • 22 Ақпан 2011
  • 456
Фото - Caravan.kz

Концерт филармонияның 75 жылдығы мен Ференц Листтің 200 жылдығына арналып, Венгрия елінің Еуропалық Одаққа төрағалық етуі аясында өтеді.

Дёрдь Оравец концертте «Дантені оқығанда» фантазиясын, №9, 19 венгр рапсодияларын, Ш.Гуно-Ф.Листтің «Фауст» операсынан вальстерді, Д.Шостаковичтің №5 симфониясын және тағы да басқа шығармаларды орындайтын болады.

Д.Оравец Будапешт қаласында 1963 жылы дүниеге келген. Музыкаға әуестігі 8 жасынан басталған. Ол 1981 жылы Ф.Лист атындағы консерваторияға оқуға түсіп, И.Лантош және З.Кочиш сынды профессорлардан дәріс алған. 1985 жылы өз елінде өткен пианистер байқауында алғашқы жеңіске ие болып, арнайы стипендиямен марапатталған.


Перейти к новостям спорта