«23 жастағы күдіктіден сұрақ-жауап алынуда. Қару сол адамның атына тіркелген болып шықты. Тапанша заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Тергеу барысында оның не себепті бұзақылық жасағаны анықталады. Қазір күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді Алмалы ІІБ басшысы Асқар Болатов.
Полиция өкілі қазір қалада травматикалық, газды-травматикалық қаруды өз еркімен тапсыру бойынша акция жүріп жатқандығын жеткізді. Осы уақытта Алматы полициясына 11 755 травматикалық қару өткізілген.
Айта кетейік, оқиға кеше Гоголь және Абылай хан көшелерінің қиылысында орын алған. Кездесуге келген екі жігіттің бірі жанжалдан соң травматикалық қарудан оқ ата бастайды. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ.
Ер адам оқиға орнынан тез арада ізін суытқан. Қазіргі таңда аталған дерек ҚР ҚК 293 бабының 3 тармағы бойынша сот алды тергеу істерінің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Алматыда тапа-тал түсте тапанша кезенген адам ұсталды
