Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың 11 пәтер тонау оқиғасына қатысы бар екені анықталды. Соңғы жолы олар 6 млн. теңге тонап, ішінде құжаттары бар сейфті қала сыртында өзенге тастап жіберген.
Ұсталғандардың бірі кәсіби темір шебері. Төрт мәрте сотталған. Олар тұратын 70-ші разьездтен тәртіп сақшылары «бір фургонға жуық айғақзаттарды тапты».
Қазір полиция күдіктілердің әрекетінен зардап шеккендерді анықтауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті