Биыл фестиваль мере тойын атап өтпек. Аталмыш шараны ұйымдастырушы — коммерциялық емес, мемелекеттік емес «ВИГУС» авторлық әндер театры» мекемесі. Фестиваль авторлық әндерді қолдау мен оны насихаттауға, талантты авторлар мен орындаушыларды табуға және олардың шығармашылық дәрежесін көтеруге бағытталған.
Осымен 10-шы рет өтетін фестиваль байқаулармен басталады. Байқау қорытындысы тамыздың 30-ы күні гала-концерт барысында ұсынылмақ. Концерт Қазақ спорт және туризм академиясының залында өтеді. Онда ең үздік әндерімен аталымдардың лауреаттары, өткен жылғы бас жүлденің жеңімпаздары, фестивалдің қонақтары өнер көрсететін болады.