Алматыда тауар өндірушілердің бағаны негізсіз көтергені расталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тауар өндірушілердің бағаны негізсіз көтергені расталды

Алматыда тауар өндірушілердің бағаны негізсіз көтергені расталды

Алматы әкімдігі бағаның негізсіз көтерілуіне қарсы шаралар қабылдауда.

  • 26 Тамыз 2015
  • 437
Фото - Caravan.kz


Әкімдік сайтында көрсетілген телефондарға тұтынушылар белсенді хабарласуда. Тексеруге шыққан аудандық әкімдік өкілдері бағаның негізсіз көтерілгенін растады. «Алель» маркалы тауық етін жеткізушілер мен «Адал» маркалы айранын жеткізушілер бағаны негізсіз көтергені анықталды.

Бұл туралы бүгін қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Әлфия Балова айтты. 
«Сенім телефондары таңертеңгі 9-дан кешкі 8-ге дейін қоңырау қабылдап жатыр. Басқарма мамандары сағат сайын ақпаратты тексеруде. Келген ақпаратты аудандық әкімдіктерге бағыттап жатырмыз. Кейбір қоңыраулар бойынша айтылған ақпарат расталып жатыр. Алдымен дүкен басшылығын, сосын оған жеткізушілерді тексеріп, тізбек арқылы алыпсатарларды әшкерелеп жатырмыз. Мәселен, «Алель» маркалы тауық етін, «Адал» маркалы айранын жеткізушілер бағаны негізсіз көтергені анықталды. Қазір олардың барлығы бұрынғы бағамен сатуда. Осы бағытта Алматы облыстық әріптестерімізбен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Олар өз кезегінде өз өндірушілерін тексеруде», — деді Ә.Балова.
Басқарма басшысы қазіргі таңда азық-түліктің 33 түріне бағаның көтерілмеуі қатаң қадағалауда екендігін жеткізді. 
«Бағалар бүгінде тұрақты. Тамақ өндіріс кәсіпорындары қазірі әлеуметтік жауапкершілікті терең түсініп отыр. Олар теңгенің еркін ағымға жіберілгенінен ұтып отыр. Енді олар Ресей тауарларымен бәсекеге түсе алады. Соңғы 1,5 жылда отандық өндірушілер ресейліктермен бәсекеге түсе алмай келді. Май өндірісі 250 адамды қысқа жұмыс күніне ауыстырғысы келген. Енді олар толық жұмыс күнінде еңбек ететін болды. «Алматы өнімі» кәсіпорны да 40 адамды жұмыстан шығаруды жоспарлаған болатын. Енді олар да жұмыстан қысқармай, отбасын асырай алады. Сондай-ақ біз ірі сауда орындарымен 100-ге тарта меморандумға қол қойдық. Екіжақты талқылау барысында олар Қазақстанда өндірілген азық-түлікке бағаны көтермеуге келісімін берді. Теңге бағамы бір қалыпқа келген соң баға көтерілетіні даусыз. Бірақ әлеуметтік маңызы бар нан, сүт, ет, құс еті, жұмыртқа өнімдерінің бағасы сол күйінде қалады», — деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар