Алматыда "Театр көктемі - 2011" фестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Театр көктемі - 2011" фестивалі басталды

Алматыда "Театр көктемі - 2011" фестивалі басталды

Алматыда Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында 24-27 наурыз күндері "Театр көктемі - 2011" фестивалі өтеді.

  • 15 Наурыз 2011
  • 626
Фото - Caravan.kz

Дәстүрлі түрде жыл сайын Наурыз мерекесі мен 27 наурыздағы Халықаралық театр күніне орайластырылып өткізілетін бұл шара 16-рет ұйымдастырылып отыр. Ол биыл КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ыдырыс Ноғайбаевтың туғанына 80 жыл толуына арналмақ. Фестиваль театрдың бүгінгі бағыт-бағдарын анықтауға, репертуар саясатындағы өзіндік ізденістерге драматургия, режиссура, актер өнерінің бүгіні мен ертеңін зерделеуге мүмкіндік береді.

«Театр көктемі — 2011» фестивалінің репертуарына М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік-Кебек» трагедиялары мен Н. Гогольдің «Үйлену», Е. Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?…» және Ә. Рахимовтың «Қылмыскерге куәлік» комедиялары еніп отыр. Бұл шара кезінде театр ұжымы мен көрермендер арасында кездесулер өткізіліп, арнайы көрме ұйымдастырылады.

Перейти к новостям спорта