Алматыда театр өнері қайраткерлерінің ХІ республикалық практикумы өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда театр өнері қайраткерлерінің ХІ республикалық практикумы өтіп жатыр

Алматыда театр өнері қайраткерлерінің ХІ республикалық практикумы өтіп жатыр

Алматыдағы Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында шетелдік мамандардың қатысумен «Театрлық режиссураның жаңа тәсілдері» атты театр өнері қайраткерлерінің ХІ республикалық практикумы өтіп жатыр.

  • 11 Сәуiр 2011
  • 423
Фото - Caravan.kz

Іс-шараны ұйымдастырушылар — ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті мен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ.

Практикумға Қазақстанның аймақтық театрларының 80-нен аса бас режиссерлері мен көркемдік жетекшілері қатысуда. Шақырылған құрметті қонақтардың құрамында SounDrama студиясының көркемдік жетекшісі, режиссер, музыкант Владимир Панков; музыкант, композитор, әртіс, педагог Владимир Нелинов бар.

Іс-шара «дөңгелек үстел» түрінде өтуде, онда қазіргі заман театрларының өзекті мәселелері, актерлер, режиссерлер, өнер қайраткерлерінің әлеуметтік шарттары, сондай-ақ отандық театрлар жұмысының нәтижелілігі мен жетістіктері талқылануда.

Аталмыш шара 13-ші сәуірге дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта