шетелдік мамандардың қатысуымен Театр өнері қайраткерлерінің ХІІ республикалық практикумын өткізеді.
Практикум «Қазіргі заман театрларындағы дәстүрлер мен жаңашылдық» және «Театр сыны мен оның заманауи театр үрдісіндегі алатын орны» тақырыптарына арналады.
Практикум жұмысына Ресей Федерациясы мен Польша мемлекеттерінің еңбек сіңірген өнер қайраткері, мәдениет пен өнер саласындағы Мәскеу сыйлығының лауреаты, Мәскеу журналистер одағы сыйлығының иегері, «Театральная жизнь» журналының бас редакторы Олег Пивоваров және театртанушы, режиссер, өнер кандидаты Александр Смольяков қатысады. Сонымен қатар практикумға Қазақстан театрларының бас режиссерлары, директорлары мен көркемдік жетекшілері, сондай-ақ Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері шақырылды.
Практикум аясында Д.Исабековтің «Жаужүрек» (режиссері Е.Обаев), Э.Э. Шмиттің «Отель двух миров» (режиссері И.Гонопольский), Т.Теменовтің «Карменсита» және Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» (режиссері Т.Теменов) спектакльдерінің көрсетілімі жоспарланған.