Жарияланды: 670

Алматыда техникалық терминдердің сөздігі таныстырылды

Қазақстанда тұңғыш рет «Орысша-қазақша-ағылшынша политехникалық сөздік» жарық көрді. Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Білім берудегі өзгерістер: жаңа шекара мен басымдылықтар» атты халықаралық конференция барысында оның таныстырылымы болды.

Сөздік ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша жасалған. Үштілді сөздікте 78 техникалық сала бойынша 80 000 техникалық термин мен сөйлем тіркестері берілген. Сөздікті шығару барысында 70 сөздік қолданылған. Бұндай көлемдегі сөздіктің басы қосылып, бір жинаққа біріктірілуі бірінші рет. Сөздік авторларының бірі, ҚР Педагогика академиясының басқарма төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Асқарбек Құсайыновтың айтуынша, инженерлік білім беру мен техникалық ғылымның сапасын арттыру үшін салалық терминдердің нақтылануы керек болды. Сөздік осы мақсатты орындап отыр. «Сөздік жоғары оқу орындарындағы ғалымдар мен аспиранттар, ұстаздар мен студенттерге, аудармашылар мен ғылыми-техникалық әдебиетті қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқитын оқырмандар үшін қажет», -деді сөздік авторларының бірі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін