Д.Оразалиновтың айтуынша, «Алматыдағы номер белгілеу жоспары тәмамдалуға жақын». Сол себепті мамандар Алматыдағы телефондарға жеті орынды санмен номер белгілейтін мерзім жетті деп пайымдауда. Д.Оразалиновтың айтуынша, жеті орынды номер белгілеу үрдісі біртіндеп енгізіледі. Бастапқы кезеңде алты және жеті орынды номерлер аралас қолданылса, одан әрі Алматы бұл жоспарға біржола көшеді,- деді ол.
Қазіргі таңда зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 205-жылдың қыркүйек айында аяқталуға тиіс. «Бұдан кейін Алматы қаласын жаңа жоспарға көшіру мерзімі мен құнын айқындайтын арнаулы комиссия құрылады»,- деді Д.Оразалинов.