Алматыда телекоммуникациялар мен ақпараттық технологиялардың Орта Азиялық апталығы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  телекоммуникациялар мен ақпараттық технологиялардың Орта Азиялық апталығы басталды

Алматыда телекоммуникациялар мен ақпараттық технологиялардың Орта Азиялық апталығы басталды

2-маусымда Алматыда телекоммуникациялар мен ақпараттық технологиялардың (АТ) Орта Азиялық апталығы басталды.

  • 3 Маусым 2003
  • 559
Фото - Caravan.kz

Апталық аясында Алматыда сондай-ақ, 10-шы KITEL-2003 көрмесі , телекоммуникациялар жөніндегі дөңгелек үстел , және кәсіпорындарды автоматтандыру мен компьютерлік бағдарламалар жөніндегі «Software Showcase 2003» атты 3-халықаралық көрме өтеді. Сонымен бірге Ұлттық телерадиотаратушылар Қауымдастығының бірқатар дөңгелек ұстелдері ұйымдастырылады деп күтілуде.

Телекоммуникациялар мен компьютерлік технологиялардың Орта Азиялық 10-шы KITEL-2003 халықаралық көрмесі ТМД аясында Мәскеуде өткен «СвязьЭкспокомм» көрмесінен кейінгі ауқымды шараға саналады.
Көрме мұрағаттары телекоммуникациялық жабдықтар мен ақпараттық технологиялардың жетістіктерін жан-жақты паш етеді. Көрмеде мынадай секциялар жұмыс істейді: телекоммуникациялар, системы телерадиотарату жүйелері, интернет, компьютерлік және ақпараттық технологиялар, банк және кеңсе технологиялары, қауіпсіздік жүйелері , білім беру.
Көрменің жалпы аумағы 8,5 мың шаршы шақырымды құрайды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 30 процент ауқымды. KITEL-2003 көрмесіне Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Литва, Корея, Польша, Сингапур, Израиль, Италия, Франция, АҚШ, Финляндия және басқа да елдерден 350 компания қатысуда.
Көрмені ұйымдастырушы ITE и ITECA компаниясы өкілдерінің айтуынша , биыл Қазақстаннан қатысушылар санының былтырғыдан 30 процент артуы отандық ақпараттық технологиялар рыногінің әлеуетін айғақтаса керек.

Соңғы жаңалықтар