Алматыда теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттердің министрлері халықаралық конференцияда бас қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттердің министрлері халықаралық конференцияда бас қосады

Алматыда теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттердің министрлері халықаралық конференцияда бас қосады

28-29 тамыз күндері Алматыда теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы мемлекеттер министрлерінің халықаралық конференциясы өтеді. Оған транзитті және донор елдердің, сондай-ақ, транзитті тасымал саласында маманданып келе жатқан экономикалық ұйымдар мен халықаралық және қаржылық мекемелердің өкілдері қатысады. Бұл туралы ҚР СІМ таратқан хабарламада айтылған.

  • 4 Тамыз 2003
  • 515
Фото - Caravan.kz

Осындай бас қосу ұйымдастыру туралы шешім, құрамына Қазақстан бастаған 31 ел қамтылатын теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы мемлекеттердің бастамасымен

БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған арнайы резолюцияға сәйкес қабылданған көрінеді.
Алматыда өтетін халықаралық конференция теңізге шыға алмайтын дамушы мемлекеттерге қолұшын беру саласында ғаламдық әріптестікті жандандыруға, транзиттік-тасымал инфрақұрылымын дамыту арқылы теңізге шыға алмайтын мемлекеттердің әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне қатысу мүмкіндігі мен ролін арттыруға жол ашады деген үміт бар. Конференцияда континенттік мемлекеттердің барлық көлік түрлерімен теңізге ешбір кедергісіз шығуын қамтамасыз етуге , инфрақұрылымды дамытуға, тасымал жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға, ресурстарды тиімді пайдалануға, транзитті тасымал саласындағы саясатты жетілдіруге қажетті шаралар келісілмекші.
Конференцияға дүниежүзінің 80-нен астам елінен халықаралық және аймақтық қаржылық мекемелердің өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар